';

4-5 ШІЛДЕ, 2019 ЖЫЛ

EURASIA MUSIC HUB
ӨТЕДІ — АЛҒАШҚЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ, WORLD MUSIC САЛАСЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУҒА АРНАЛҒАН ТҰҢҒЫШ КӘСІБИ ПЛАТФОРМА

Eurasia Music Hub мақсаттары:
— музыканттар, продюсерлер мен ірі халықаралық конференциялар директорларының кәсіби, стратегиялық және экономикалық мүдделері тоғысатын халықаралық заманауи платформа қалыптастыру;
— еуразиялық аймақтың экспорттық музыка нарығы мен worl music жанрындағы табысты іскерлік белсенділік орталығын дамыту;
— заманауи музыканың мәдени әр алуандылығына, музыка нарығындағы тәжірибелік білімнің артуына үлес қосу.

ПЛЕНАРЛЫҚ СЕССИЯ

ЖЕТІСТІК СТРАТЕГИЯЛАРЫ

Пленарлық сессия спикерлері әлемдік музыка нарығындағы жеке тәжірибелерімен бөліседі.  Түрлі оқиғалар, әр алуан стратегиялар, сан қилы шешімдер, барлығы да бір мақсатқа – музыка индустриясын дамытуға бағытталған.  Оңтүстік Корея, Марокко, Германия, Словения, Эстония, Польша мен Франция тәжірибесін сол елдер мамандарының өздері баяндайды.

КҮНДІЗГІ СЕССИЯ

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ҮНІ

Күндізгі сессияда Орталық Азия аймағының спикерлері сөз сөйлейді. Мәдениеті мен тарихы ортақ Орталық Азия елдері бірегей мәдени өнім шығарады. Бұл аймақтың музыкасына деген әлемдік қызығушылық өте жоғары,  бірақ заманауи нарыққа шыққан жобалар санаулы. Оның нарыққа тең құқылы қатысушы ретінде қосылуы үшін, «сатып алушылар» мен «сатушыларға» арнайы алаң қалыптастыру керек.

ОҚЫТУ

ДӘРІСТЕР МЕН ШЕБЕРЛІК-САҒАТТАРЫ

Juliana Voloz (Германия). «Әлемдік музыка әлемі мен оны бағындыру жолдары» дәрісі

Radik Tyulyush (Тыва Республикасы). «Көмеймен ән айту»

Александр Архинчеев (Бурятия Республикасы). «Морин хуур»

Mokoomba (Зимбабве Республикасы). «Перкуссия»

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

EURASIA MUSIC HUB: ҚОРЫТЫНДЫЛАР МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАР

Дөңгелек үстелде қос сессияның спикерлері мен топтардың продюсерлері жиналады. Орталық Азия мен далпы Еуразия музыкалық нарығының әлеуеті мен қауқары қандай? Бәріміз бірге не істей аламыз?  Бірлесіп қандай жоспарларды іске асыруға дайынбыз?