';
Image module

Айнура Темирбекова

Қырғызстан Мәдениет, ақпарат және туризм министрінің кеңесшісі

Айнур Темирбекова — Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Ол медиа және PR салаларында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен.  2013-2018 жылдар аралығында Қырғыз Республикасы Мәдениет, ақпарат және туризм министрінің орынбасары болды. Оған қоса, 20 жылдан астам уақыт республикалық және халықаралық медиа агенттіктердің өкілдіктерінде түрлі қызметтер атқарды. Қазіргі уақытта Айнур Темирбекова Қырғызстандағы цифрлық хабар таратуды енгізу саласында ең мықты сарапшы саналады. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастырумен айналысқан  (2014, 2016, 2018 жылдары). Халықаралық «Көшпенділер Әлемі» этнофестивалін ұйымдастырушылар комитетінің басқарушылар құрамында болды. 2019 жылдың наурыз айында Сауд Арабиясында Король Абдулазиз атындағы жыл сайынғы Түйелер фестивалі шеңберінде өткен айтулы шараға әлемнің 94 елінен 2 мыңнан астам өнерпаз бен спортшы қатысқан еді. 

Айнур Темирбекованың күндізгі сессиядағы тақырыбы: «Мәдени жобаларды Nomad Universe мысалы арқылы Орталық Азия елдерінде және ірі халықаралық концерт алаңдарында танымал ету тетіктері».