';
Image module

Асхат Акибаев

Дүниежүзілік этноойындар конфедерациясының президенті (Қырғыстан)

Асхат Акибаев — Дүниежүзілік этноойындар конфедерациясының,  «Дүниежүзілік көшпенділер ойындары» қорының президенті, «International Camel Organization» вице-президенті,  «Бүкіләлемдік Көшпенділер ойындары», «Көшпенділер әлемі» жобаларының авторы мен жетекшісі.  15 жыл қатарынан туристік салада еңбек етіп, «Ала-Тоо демалыс үйі» шипажай мекемесін, «Ыстықкөл Аврора Санаториі» мемлекеттік мекемесін басқарған. Асхат Акибаев Қырғызстан шипажайлары қауымдастығын құрып, басқарған. 

Асхат Акибаев спорт саласын дамытуға да күш салды. Ол Қырғызстан жекпе-жек ойындары федерациясының инструкторынан жетекшісіне дейінгі жолды жүріп өткен, самбо сайысы бойынша ФИАС экстра-санатының халықаралық дәрежедегі төрешісі. Түрлі сайыстар бойынша көптеген кубоктардың,  біріншіліктер мен әлем чемпионаттары және құрлықтық жарыстарды ұйымдастырумен айналысқан. Мас-реслинг халықаралық федерациясы, бүкіләлемдік жтноспорт конфедерациясы секілді әртүрлі халықаралық спорт федерацияларының, атқарушы комитеттердің, конгресстер мен коллегиялардың мүшесі. Балалар спорты бағытын дамыта отырып, Асхат Акибаев  «Балалар олимпиада қалашығы»АҚ құрып, мүмкіндігі шектеулі жеткіншектерге көмектесті. 2016 жылдың ақпан айынан 2017 жылдың наурызына дейін Ыстықкөл облысында Үкіметтің Құзырлы өкілі болды. 

Асхат Акибаевтың күндізгі сессиядағы тақыры: «Экономикалық, мәдени және туристік ықпалдастық үшін қолайлы орта қалыптастырудың бір жолы — жобалар ұйымдастыру».