';
Image module

Батыр Қазыбаев

«Алаш Медиа Групп» медиахолдингінің бас директоры (Қазақстан)

Батыр Қазыбаевтың есімі Қазақстанның ғана емес, шет мемлекеттердің де ақпараттық кеңістігінде танымал. Ол осымен 10 жылдан астам уақыт бойы құрамына Tengrinews.kz, Vesti.kz, Massaget.kz ақпараттық порталдары, Tengri FM және Жұлдыз FM радиостанциялары, СТВ телеарнасы кіретін медиакомпанияны жемісті басқарып келеді.

Танымал қазақстандық журналист және талантты медиа менеджер өз мансап жолында жоғары мемлекеттік лауазымдарды да атқарған, Қазақстан Республикасы премьер-министрінің қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі, премьер-министр кеңсесі жетекшісінің орынбасары болды. Дағдарыс алқымнан алып тұрған 2000 жылдардың басында Батыр Қазыбаев Қазақстанның жарнама нарығын дамытуға белсене кірісті.  Соның арқасында «Жетінші арна», Tengri FM Ұлттық рок-н-ролл радиостанциясы, «Фокус» күнделікті газеті, Vesti.kz жаңалықтар сайты секілді жемісті жобалар пайда болды. Батырдың өзге де жобаларына зер салсаңыз, оның қатары күн сайын қарыштап өсіп жатқан қазақтілді аудиторияға арналған жобаларды да назардан тыс қалдырмағанына көз жеткізесіз. Осылайша, Massaget.kz жастар сайты өмірге келіп, Tengrinews.kz жаңалықтар порталының жаңартылған үлгісі жасалды. Ал, 2015 жылы 100 пайыз қазақ тілінде хабар тарататын «Жұлдыз FМ» радиостанциясы ашылды. Бастамашыларының қатарында Батыр Қазыбаев та бар тағы бір жоба қазір тек Қазақстанда ғана емес, шет мемлекеттерде де үлкен танымалдылыққа ие. Ол – The Spirit of Tengri этникалық музыка фестивалі мен халықаралық ауқымда тез танылып жатқан The Spirit of Tengri фестивалі.

Батыр Қазыбаевтың күндізгі сессиядағы тақырыбы: «Alash Media Group: холдинг тарихы, мақсаттары мен армандары».