';
Image module

Жан Қастеев

The Spirit of Eurasia фестивалінің бас продюсері (Қазақстан)

Жыл сайын шетелдік БАҚ пен музыкалық ұжымдардың ерекше назарында болатын The Spirit of Eurasia жобасы – қазақстандық танымал продюсер Жан Қастеевтің батылдығы мен өзгеше ойлау қабілетінің жемісі. Алғашқы қанатқақты жобасы — «Жан және оның достары» атты жастар шығармашылығы бірлестігі оның шығармашылық қабілеттері қалыптаса бастаған кезеңде пайда болды. 90-шы жылдардың басында құрылып,  түрлі деңгейдегі 25 шақты алматылық музыкалық топ қатысқан бұл бағыт Жан Қастеевтің продюсер ретінде дамуына түрткі болды. Санкт-Петербор гуманитарлық университетінің өнер факультетін музыкалық өнер саласындағы менеджер-продюсер мамандығы бойынша тәмәмдап, шығармашылық қабілеттері алған білімімен шыңдала түсті. Одан кейін Жан «Пилот», «My Town», «Элита» клубтарын ашты. Ал, 1997 жылы Жан Қастеев ресми түрде URKER тобының продюсері атанып, этникалық музыкамен алғашқы эксперименттерін жүзеге асыра бастаған. 15 жылдық ізденістің нәтижесінде тек Қазақстан ғана емес, шет елдерге де атағы тараған аса батыл жоба өмірге келді. The Spirit of Tengri этникалық музыка фестивалі осымен көп жыл қатарынан әлемнің түкпір-түкпіріндегі теңдессіз топтардың бір сахнада басын қосып келеді

Жан Қастеевтің күндізгі сессиядағы тақырыбы: «The Spirit of Tengri жобасының ауқымын кеңейту тарихы»