';
Image module

Нарима Мұхамбеталина

Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары (Қазақстан)

Нарима Мұхамбеталина еңбек жолын «Астана» телеарнасында, билингвал студияның жетекшісі қызметінен бастап, елордалық жаңа хабар таратудың негізін қалауға үлес қосқан.  Бірер жыл бойы Нарима Мұхамбеталина «Sunny Field Communicarions» клмпаниясының директоры және «Алтын Самұрық» СОО ЖШС-нің бас директорының орынбасары қызметін атқарған. Нарима Мұхамбеталина – Тәуелсіздік Сарайы құрылысының жобасын дайындау және іске асырушылардың бірі. Кейін галерея кураторы болып, Қазақстан суретшілерінің және қолданбалы өнер шеберлерінің көрмелерін ұйымдастырумен айналысты. Сол кездердің ең айтулы халықаралық шара – «Жібек жолы» халықаралық көрмесі болды.

2011 жылы Нарима Мұхамбеталина Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы құрылысы Дирекциясының директоры болып тағайындалды, музей ашылғасын,  директор орынбасары, ғылыми хатшысы болды. Бүгінгі таңда Нарима Мұхамбеталина Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениеь және спорт басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарады. 

Нарима Мұхамбеталинаның күндізгі сессиядағы тақырыбы: «Нұр-Сұлтан қаласының концерттік залдары».