';
Image module

Сардор Газиев

OXUS Culture арт-менеджері, Ташкент (Өзбекстан)

Сардор Газиев — мәдениет саласындағы менеджер, жаттықтырушы, арт-коуч және креативті кеңесші. Ол бұқаралық іс-шаралар режиссурасы мамандығы бойынша білім алған. Оқуын аяқтаған соң, Гёте институтының мәдениет саласындағы менеджерлер курсы, Британ кеңесінің Creativ Spark бағдарламасы, Өзбек-жапон орталығының бизнесті басқару және сауда ұйымдастыру курстары секілді көптеген халықаралық біліктілікті арттыру бағдарламаларынан өткен. Өзбекстанның жасөспірімдер театрында сыртқы байланыс менеджері және Өзбекстандағы АССИТЕЖ-дің корреспондент-мүшесі қызметтерін атқарып жүріп, республикалық және халықаралық деңгейдегі шаралар өткізген, театрдың шығармашылық құрамының шет мемекеттердегі шараларға қатысуын ұйымдастырған. «OXUS Culture» ААҚ директорының орынбасары болған кезде Хусниддин Атомен бірлесіп, Сардор Газиев түрлі мәдени жобаларды іске асырған. Жергілікті билік және халықаралық ұйымдармен бірге «Мәдениет саласындағы менеджмент» тақырыбында білім беру шараларын ұйымдастырумен айналысқан. Бішкекте өткен «Орта Азия арт-менеджерлерінің тұңғыш форумын» ұйымдастырушылардың бірі, Кореядағы «Open Culture» форумына қатысқан, өзбек әртістерінің шет мемлекеттердегі шығармашылық гастрольдерін ұйымдастырған.

Сардор Газиевтің күндізгі сессиядағы таұырыбы: «Орталық Азиядағы өзін-өзі танудан сәйкестендіруге дейін».