';
Image module

Шоукейс ALDASPAN (Қазақстан)

Өз репертуарын қазақтың ұлттық архаикасы мен заманауи музыкалық тенденцияларды біріктірген электр-домбыраларда ойнайтын ерекше ұжым. Қазақтың қара домбырасының негізінде жасалған электр-аспаптарды топтың негізін қалаушы, әрі продюсері Нұржан Тойшы ойлап тапқан. Aldaspan-ның негізгі құрамы квартет (ритм, соло, бас, ұрмалы аспаптар), бірақ топ кейде сессиялық музыканттарды да шақырады. 

Топтың негізі 2011 жылы қаланды, бүгінге дейін  9 бейнебаян, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде түрлі жанрдағы 7 альбом (трэш металдан акустикаға дейін) жарыққа шығарды. 

Aldaspan – түрлі стиль және бағыттармен тәжірибе жасап тұратын мульти-жанрлық топ. Репертуары авторлық және дәстүрлі композициялардан тұрады. Топ әндерінің басым бөлігі  – рухты әндер. Мәтіндерінде батырлардың ерліктерін жырлайтын көне түркі әскери эпостарды қолданады. Өнер ұжымы Қазақстанда ғана атақты емес, әлемдегі танымалдылығы да артып келеді. 2012 жылы топ америкалық Roadrunner records лейблының күнделікті тәуелсіз чартында 2-орын иеленді, Aldaspan Қазақстандағы әндері ең жиі жүктелетін бестікке кіреді. 

Топ құрамы: Мақсат Хасанов – электр-соло домбыра, Айсарбек Ақияшев – электр-ритм домбыра, Шамшиддин Омар – электр-бас домбыра, ұжымның негізін қалаушы – Нұржан Тойшы – ұрмалы аспаптар.