';
Image module

Божена Сзота

Ethno Port фестивалінің продюсері, ZAMEK Culture мәдени орталығының арт-директоры (Польша).

Божена Сзота Познань қаласындағы Адам Мицкевич Университетінде мәдениет этнологиясы және антропологиясы мамандығы бойынша білім алған.  Боженаның алғашқы кәсіби тәжірибесі Taff Art and Studio Panorama (теле өндіріс) агенттігінен басталды.

Боженаның мансабы 2004 жылы Польшаның ірі мәдени мәкемесі  – ZAMEK мәдени орталығында түрлі жанрлардағы музыка және театр фестивальдарын ұйымдастыру және өткізу мәселелерімен айналысқан кезден басталды. Божена Сзота жетекшілік еткен ірі жобалардың ішінен Польшаның қамалдары мен сарайларында өтетін JazZamek фестивалін атап өтуге болады. 

Божена Сзота — Ethno Port Festival бағдарламасының координаторы, продюсерлерінің бірі (2008 жылдан бері). 2012-2014 жылдары Божена «Метаморфоза» жобасына жетекшілік етті. Ол Познань джаз жәрмеңкесі, Познань қаласындағы Моцарт фестивалі, Аниматорлар кинофестивалі мен Генрих Венявский атындағы халықаралық скрипкашылар байқауы сынды түрлі халықаралық фестивальдармен жұмыс жасады. Бірер жыл бойы MALTA театр фестивалі шеңберіндегі MALTA OFF жобасының координаторы,  әрі продюсерлерінің бірі болды. Божена халықаралық фестивальдар, музыкалық конференциялар мен көрмелерге белсенді қатысып тұрады. Соңғы бірнеше жылда Mikołajki Folkowe, Dragon Folk Fest пен WOMEX 2015 сияқты польшалық және халықаралық фестивальдардың қазылар алқасының құрамында болды.

Божена Сзотаның пленарлық сессиядағы тақырыбы: «Ethno Port Poznan Festival-дің тарихы мен ерекшеліктері».