';
Image module

Фатима Айт Mханд

Марокко Мәдениет және коммуникациялар министрлігінің халықаралық серіктестік бөлімінің жетекшісі, мәдени бірлестіктерді қолдау комиссиясының, Мароккодағы шетелдік кино және аудиовизуалды жұмыс өндірісін қолдау комиссиясының мүшесі (Марокко).

Фатима Айт Mханд ханымның негізгі мамандығы – археолог, ұзақ жылдар бойы мәдениет және мәдени мұра мәселелерімен айналысып келеді. 1995 жылдан бері Марокко мәдениет миристрлігінің өкілі қызметінде. 2002 жылдан бастап халықаралық жобаларды басқару мен Дүниежүзілік жәдігерлер мұрағаты мәселелері де оның құзырына қосылған. 2008 бен 2012 жылдар аралығында Фатима Айт БҰҰ-ның «Мәдениет және даму» бағдарламасының үйлестірушісі болды. 2014 пен 2018 жылдары – ЮНЕСКО-ның мәдени тұрғыда өздерін көрсету формаларының әр алуандылығын ынталандыру және қорғау Конвенциясы пунктінің үйлестірушісі қызметін атқарды.

Қазіргі уақытта ол Марокко Мәдениет және коммуникациялар министрлігінің халықаралық серіктестік бөлімінің жетекшісі, мәдени бірлестіктерді қолдау комиссиясының, Мароккодағы шетелдік кино және аудиовизуалды жұмыс өндірісін қолдау комиссиясының мүшесі.

Фатима Айт Mхандтың пленарлық сессиядағы тақырыбы «Visa For Music, Showcase Music Market және Conference, Африка мен Таяу Шығысқа апарар терезе».