';
Image module

Юлиана Волож

JV Promotion музыкалық агенттігі (Германия)

Юлиана өзінің JV-Promotion агенттігінің негізін 2007 жылы қалады. 2009 — 2013 жылдары түрлі музыкалық жобаларды ұйымдастырушылардың бірі болды. Олар:  «Port of Culture», Тбилисиде өткен Music Week грузин музыкалық конференциясы, «Планета людей» халықаралық жобасы, т.б. Юлиана WOMEX, Jazzahead, Tallinn Music Week, Visa for Music, Eurosonic, Seoul Music Week, Mundial Montreal сынды халықаралық музыкалық форумдарға тұрақты қатысып тұрады, әрі әлем бойынша концерттік алаңдармен және музыкалық фестивальдармен жұмыс жасайды. 

JV-Promotion агентурасы фольклорға негізделген, бірақ бір жанрмен шектелмейтін, ұлттық әуендерді джаз, рок, электрондық музыка, классика және басқа да бағыттармен үндестіре білетін музыкалық жобалармен айналысады. Қазіргі уақытта Юлиана продюсерлік ететін жобалар: TRAD.ATTACK! (Estonia), Iberi (Georgia), Inna Zhelannaya (Russia), Ethno-Trio Troitsa (Belarus), Naked (Serbia), Indialucia (India/Poland/ Spain), Authentic Light Orchestra (Armenia/Switzerland), Namgar (Buryatya), Puuluup (Estonia), LaBrassBanda (Germany), Melisande Electrotrad (Canada), ZeMe (Latvia) 

Юлиана Волождың пленарлық сессиядағы тақырыбы: «JV-Promotion агентурасы – әлемдік музыка әлеміндегі 17 лет жыл».