';
Image module

Юнг Хун Ли

Seoul Music Week шоукейс фестивалінің директоры, Ulsan Jazz Festival шарасының негізін қалаушы, әрі Бас директоры (Оңтүстік Корея)

Юнг Хун Ли — Seoul Music Week пен Ulsan Jazz Festival сияқты көптеген ауқымды халықаралық фестивальдардың бас және шығармашылық директоры. Бірнеше жыл бойы ол Пусандағы Янг Университетінің кинематография және сын факультетінде профессор қызметін атқарған. Одан бөлек, Юнг Хун Ли Кореяның ЕуроОдақтағы мәдени серіктестік комитетінде кеңесші болған, 2018 жылы АСС Азиялық мәдени нарығының көркемдік жетекшісі қызметін де атқарған.

Юнг Хун Ли музыка индустриясындағы тенденциялар мен инновацияларды дамытуға арналған көптеген халықаралық конференциялар мен форумдарға жиі қатысады. Оның ішінде WOMEX 2016 форумы да бар. GloMMnet (Global Music Market желісі) құрылуының бастамашысы, әрі негізін қалаушы болды. Бүгінгі таңда да ол ACC WORLD FESTIVAL – Asia Culture Center, Eden Valley фестивальдарын ұйымдастыру және басқару жолында жемісті еңбек етіп жүр.

Юнг Хун Ли мырзаның пленарлық сессиядағы тақырыбы: «GloMMnet (Global Music Market network желісі) шоукейс фестивальдары неге және қалай ұйымдастырылған»