';
Image module

Кен Дей

Urkult festival директоры (Швеция).

Кен өзінің музыкалық мансабын 1978 жылы Нью-Йорк қаласында Creative Music Studio-ның қызметкері ретінде бастады. Бұл компаниядағы жұмысы  оған бүкіл әлем музыканттарымен байланыс орнатуға мүмкіндік берді. CMS компаниясымен серіктестігі аяқталған соң, Кен Швецияға оралып, музыкалық продюсер ретінде жұмыс жасай бастады. Оның алғашқы ірі жобасы   – сенегалдық әнші Йусс Н’Дур, бұл музыкантпен 10 жылдан астам жұмыс жасаған. 1994 жылы Кен Дей өзінің D TOURS атты агенттігін ашып, түрлі орындаушылардың концерттік турларын ұйымдастырумен белсенді айналысты. 

1995 жылы URKULT FESTIVAL бастау алып,  Кен Дей қазір де бұл фестивальдың халықаралық даму мәселелері үшін жауап береді. Кен Womex (World Music Expo), Болгариядағы Without Borders,  Швециядағы RFoD секілді халықаралық конференциялар мен жобаларға бірнеше рет спикер ретінде шақырылған. Кен Дей Боткиркадағы World Music (Швеция), WORLD.DK (Дания) мен Exposed Roots (Канада) жобаларымен серіктестік орнатқан.  Urkult, Danish Roots, RFoD және Швециядағы Өнер кеңесі грант комитетінің директорлар кеңесінің мүшесі. 

Кен Дейдің пленарлық сессиядағы тақырыбы: «CMS-тен URKULT FESTIVAL-ға дейін, бұған қол жеткізуім туралы»