';
Image module

Шоукейс Khoomei beat (Тыва Республикасы)

KHOOMEI BEAT – тувалық музыканттардың жаңа буынының өкілдері. Жергілікті фолкпен сусындап өскен өнерпаздар рок экспрессиясын кербез джаз және жеңіл поп-музыкамен тамаша үйлестірген. Осындай ерекше микстың көмегімен музыканттар тыңдармандарға өз халқының тарихын, ата-бабаларының салт-дәстүрлерін жырлайды.  Топ ескі әуендерден де, заманауи музыкадан да шабыт алады. Тувалық көмеймен ән айту өнерін негізге алған музыканттар тәжірибе жасаудан қорықпайды, түрлі стильдер және бағыттарды өздеріне бейімдеп алады. 2017 жылы өткен «Хоомей в центре Азии» (Тыва) халықаралық фестивалінде «KHOOMEI BEAT» тобы нағыз жаңалық болды. Музыканттар «Хоомейдің заманауи үні» аталымында жеңіске жетіп, құрамында «Грэмми» иегері  – Джефф Коффин, Феликс Пасториус, Игорь Кошкендей (Chirgilchin), Коичи Макигами (Жапония) секілді әлемге әйгілі музыканттар бар қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. 

Топ мүшелері: Тыва Республикасының еңбек сіңірген әртістері – Кан-Хулер Саая мен Айхаан Ооржак, Байлак Монгуш, Айдын Седии, Шораан Очур, Адыган Айыжы.