';
Image module

Ай-хаан Ооржак, Тыва Республикасы — Көмеймен ән айту

Айхаан Ооржак – Тыва Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, Khoomei beat тобының мүшесі. Айхаан Ооржак – I Халықаралық  «Хоомей в Центре Азии-2015» фестиваль-конкурсының Бас жүлде иегері, Ұлттық оркестр әртісі, Халықаралық «Дембилдей» фестивалінің ІІ дәрежелі номинанты, «Хоомей – феномен культуры народов Центральной Азии» Халықаралық симпозиумының «Эзенгиді үздік орындау» номинациясында дипломант, Туваның ақсақал хоомейшісі Федор Тауды еске алуға арналған каргыраа конкурсының Гран-при иегері.  «Хогжумчу» этнотобының құрамында Ай-Хаан Ооржак Еуропа елдері мен АҚШ-қа гастрольдік сапармен барған. 

Айхаан – көне дәстүрлерден ауытқымай, музыкаға заманауи реңк беретін керемет маман. Ең экспрессивті, әрі креативті музыканттардың бірі,  Айхаан көмеймен ән айтудың әртүрлі техникасын бір-бірімен араластыра отырып, шебер орындайды.