';
Image module

Александр Архинчеев, Бурятия — Көмеймен ән айту, морин хуур

Александр Архинчеев – Байкал жағалауынан шыққан әнші, көмеймен ән айту шебері, морин-хуур аспабының майталманы,  Shono этно-рок тобының көшбасшысы. Александр варган, гитара, морин-хуур, сух-хуур, лимбэ және басқа да этникалық үрмелі аспаптарда ойнайды.  2009 жылы П.И.Чайковский атындағы Улан-Удэ музыкалық колледжін оқытушы Б.В.Цыбиковтың морин-хуур сыныбы бойынша тәмәмдаған. Осин өнер мектебінде сабақ береді.

«Шоно» тобының негізін қалаушы, Александр көмеймен ән айтудың бірнеше техникасын меңгерген, бурятиялық эпос-улигерлер мен авторлық туындыларының майталман орындаушысы. Мультиаспапшы Александр Архинчеев  – дәстүрлі орындаушылықты та, заманауи орындаушылықты да бірдей алып жүре алатын виртуоз музыкант.