';
Image module

Mokoomba, Зимбабве — Перкуссия

Зимбабвелік топ музыканттары ұрмалы аспаптарда ойнаудың ерекше дәстүрін ұсынады. Miti Mugande, Mathias Muzaza и Ndaba Coster Moyo Чинотимба (Зимбабве) өлкесінен шыққан. Афро-фьюжн мен Тонга ырғағының қоспасынан құрылған орындаушылық шеберліктері әлем музыканттарының барлығын елең еткізері сөзсіз. 

Музыканттар бірнеше тілде ән айтады, олардың ішінде ағылшын, тонга, нянджа, ндебеле және шона тілдері бар. Мокоомба атауы Тонга сөзінен шыққан, ол «Замбези өзеніне деген ерекше құрмет пен оның жағасында жарқын өмір сүру» деген мағынаны білдіреді.   Mokoomba өз шығармашылығында дәстүрлі және заманауи аспаптарды, soukous, фанк, регги секілді халықаралық поп және панафрикалық стильдерді тамаша үйлестіреді. Бұл Оңтүстік, Шығыс пен Орталық Африкадағы түрлі мәдениеттерді біріктіру мақсатында жасалған.

Шеберлік сағатында  Miti Mugande, Mathias Muzaza и Ndaba Coster Moyo ұрмалы аспаптарда ойнау шеберлігімен бөліседі.