';
Image module

Шоукейс Radik Tyulyush & Mapa (Тыва Республикасы)

“Radik & Mapa” жобасы – этникалық музыканың әртүрлі жанрларында жұмыс жасайтын 2 танымал музыканттың достастығы. Радик Тюлюш – ең атақты тувалық әншілердің бірі,  өз халқының әйгілі көмеймен ән айту өнерінің бірнеше түрін меңгерген. Сондай-ақ, World Music жанрында талай рет беделді жүлделерге ие болған “Хуун-Хуур-Ту” және “Ят-Ха” топтарының қатысушысы. Бұл топтардың тректері   Голливуд кинематографында және әртүрлі елдердің қойылымдарында қолданылған. Оған қоса, Радиктің өзі “Чалама” атты жоба құрып, Ресей мен шет елдердің сахналарында өнер көрсеткен.

Мапа (Алексей Иванов) – “Иван Купала” этно-поп жобасының қатысушысы, композиторы,  ән әрлеушісі. “Иван Купала” тобының қоржынында «Овация», «Золотой Граммофон» премиялары бар, туындылары 2014 жылы Сочиде өткен қысқы Олимпиада секілді түрлі бұқаралық шараларда пайдаланылған. Одан бөлек, Мапа – Uplifting Music Studio продюсерлік орталығының ортақ иегері, композиторы.

Қос музыкант алғашқы бірлескен шығармашылық эксперименттерін 2012 жылы бастап, “Oskus Urug” пен “Sonnel” тректерін жазған. Олар тыңдармандар тарапынан оң бағаланып, “Oskus Urug” америкалық “Fargo” сериалында қолданылған. Музыканттардың гастрольдік және жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, бірнеше жыл ішінде электрондық әрлеудегі тувалық әндердің толық бағдарламасы жазылды. Ұжым стилистикасын Chillout, Psy-Dub, Psy-Chill деп атауға болады, бірақ міндетті түрде дәстүрлі тувалық музыка мен халық аспаптары пайдаланылады. Сахнадағы live-концерттерде тувалық жас гитарашы, клавиштерде ойнайтын Чингиз Соржу да өнер көрсетеді.