';
Image module

Шоукейс SHONO (Бурятия)

Топ Франциядағы гастрольдік концерттерден соң, 2014 жылы құрылды. Ұжымның атауы бурят тілінен аударғанда,  «қасқыр» деген мағынаны білдіреді. Шонó – Бурятиядағы бір рудың тотемі. Топ репертуарынан көне көшпелі салттардың рухы сезіледі, оны есте қаларлықтай ерекше етеді. 

Топ орындауындағы  музыка драйв пен рок-н-ролл ырғақтарына толы, ұжымды  Сібір және моңғол этно-рогының Ят-Ха, Намгар, Altan Urag секілді жарық жұлдыздарымен бір қатарға қоюға болады. Рок риффтерінің,  бурят әуендерінің және өзгеше ритмиканың қоспасы тыңдарманға естен кетпес эмоциялар сыйлайды.

 2016 жылы қаңтар айында топ «Hunters»  атты альбомын жарыққа шығарды. Ұжымның негізін қалаушы – Александр Архинчеев, қарапайым вокал техникасымен қоса, көмеймен ән айтуды да пайдаланып ән айтады,  түрлі этникалық аспаптарды меңгерген. Халық әндері мен Александр Архинчеевтің өзі жазған туындылар эстрадалық аспаптармен сүйемелденеді. 

Топ мүшелері: Александр Архинчеев – морин-хуур, сух-хур, көмеймен ән айту,  вокал, лимбэ; Евгения Томитова – ятага; Владимир Сидоров – бас-гитара, бэк-вокал, варган; Константин Токарский – ұрмалы аспаптар, перкуссия.