';
Image module

Татьяна Ламболез

Altan Art агенттігінің директоры (Франция).

Татьяна Ламболез бала кезінен бимен кәсіби түрде айналысқан. Университетте оқып жүрген шағында  «Байкал» ән-би ансамблінің құрамында жемісті жұмыс жасап, Испания, Германия, Моңғолия, Италия, Франция, Голландияда өткен көптеген халықаралық фестивальдарға қатысқан. Дәл сол кездері Үндістанда өткен Халықаралық өнер байқауының лауреаты атанған. 1996 жылы Татьяна білімін жалғастыру үшін Францияға барады.  Сорбонна университетін тәмәмдаған соң, Францияда қалған. Ал, 2002 жылы ГРАЛТАН (негізін қалаушылардың аттарынан жасалған аббревиатура) бурят өнері мен мәдениеті қауымдастығын құрады. Ондағы мақсаты Франция мен Еуропа жұртшылығын Сібір халықтарының ерекше әдемі өнері мен мәдениетімен, оның әр алуандылығымен таныстыру болды. ЮНЕСКО штаб-пәтері мен Ресей Федерациясының Франциядағы елшілігінде Татьяна Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Армения, Әзербайжан мен Еуразия құрлығының басқа да елдерінің шығармашылық ұжымдары және музыканттарының қатысуымен іс-шаралар ұйымдастырумен айналысты.  

2010 жылдан бері Татьяна Ламболез Алтан-Арт продюсерлік агенттігін басқарып келеді, сондай-ақ, Марсель қаласының Университетінде дәріс оқиды.

Татьяна Ламболездің пленарлық сессиядағы тақырыбы: «Еуразия кеңістігіндегі халықаралық мәдени серіктестіктің перспективалары».