';
Image module

Шоукейс Тұран (Қазақстан)

«ТҰРАН» фольклорлық-этнографиялық ансамблі – Қазақстан Республикасының Елбасы  – Тұңғыш Президент Қоры грантының иегері, Халықаралық «Ортеке» конкурсының лауреаттары (І орын), Халықаралық «Sharq taronalari» (Самарканд, Өзбекстан) байқауының дипломанттары,  КОМПЗ РФ (Ресей) «За сохранение
 исторической памяти» медалінің иегерлері. 

10 жыл ішінде «ТҰРАН» ансамблі 600-ден аса жеке концерт беріп, жер жүзінің 70-тен астам мемлекетінде «Карнеги холл» (Нью-Йорк, АҚШ), «Кеннеди орталық» (Вашингтон, АҚШ), «Концерт хаус» (Берлин, Германия), «Кремль сарайы» (Мәскеу, Ресей), «Конгресс пен фестивальдар сарайы» (Канн, Франция), «Салле Корто» (Париж, Франция) секілді әлемге әйгілі сахналарда өнер көрсетті.

Көшпелі мәдениеттің сан ғасырлардан жеткен салт-дәстүрлері, көмеймен ән айту, шамандардың салттық әуендері, түрлі үрмелі, шертпелі, ұрмалы аспаптардың үні – мұның барлығы «Тұран» тобының шығармашылығына тән. Музыкалық ұжым өзге топтарға ұқсамайды,  өйткені олардың туындылары көнеден қалған аспаптық және вокалдық шығармалармен үндес. Ансамбльдің орындайтын композициялары тыңдаушыны бірден елең еткізеді, өйткені музыканттар сыбызғы, шаңқобыз, саз-сырнай, шертер, жетіген, шіңкілдек, домбра, қыл-қобыз, варган аспаптарында ойнайды.

Топ құрамына Мақсат Медеубек, Бауыржан Бекмұханбетов, Қорлан Кәртенбаева, Серік Нұрмолдаев, Абзал Арықбаев кіреді. Музыканттар бірнеше аспапта шебер ойнайды.