';
Image module

Шоукейс Urker (Қазақстан)

Urker – Қазақстандағы ең атақты поп топтардың бірі. Ол 1994 жылы құрылды, 2019 жылы өзінің 25 жылдық мерейтойын ауқымды концерттер сериясымен атап өтті.

URKER тобының музыканттары өз шығармашылығында алғашқы болып ұлттық мәдени құндылықтарға басымдық  берді, бүгінгі таңда Қазақстандағы ең сүйікті, құрметті және табысты ұжым саналады. Олардың «Наурыз», «Жаным», «Махаббат әнi», «Саулем-ай» секілді хиттерін еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін жатқа айтады.

URKER – «Voice Of Asia», «Жас Қанат», түркітілді мемлекеттер поп музыкасының халықаралық конкурсы (Түркия), «Шелковый путь» фестивалі (Қырым), «Космодром» фестивалі (Новосібір), «Нашествие» және басқа да көптеген халықаралық байқаулар мен фестивальдардың қатысушысы. Топ шет мемлекеттердегі фестивальдарға қатысып қана қоймай, әндері BBC, Radio France Internacionale, Funkhouse Europe және Наше Радио эфирлерінде берілді. Топтың жекелеген әндері Германия,  Италия мен Ресейде шыққан халықаралық әнжинақтарға енді. 

URKER «Үздік топ 2000» аталымында Ұлттық музыкалық жүлденің лауреаты атанды, «Наурыз» әні онжылдықтың үздік әні ретінде «Алтын таспаға» ие болды, European Champion of Eurofolk 2008.

Топтың негізгі құрамы: Айдос Сағат — музыка, клавиш аспаптары, вокал; Рустам Мусин — гитара.