';
Модуль изображения

Мартиина Путник

Music Estonia халықаралық жобалар жетекшісі, Monday Morning Managment-тің тең құрылтайшысы (Эстония).

Мартиина Путник – халықаралық фестивальдарда тәжірибесі мол мәдениет менеджері. Оның қызметінің басты салалары — музыка мен кино. Бірнеше жыл қатарынан  Reykjavík International Film Festival, Tallinn Black Nights Film Festival және Tallinn Music Week фестивальдарының тұрақты қатысушысы болған. Бүгінгі таңда Мартиина Путник  Music Estonia музыканы дамыту және эспорттау ұйымының халықаралық жобалар жетекшісі және Monday Morning Management компаниясының тең құрылтайшысы қызметін атқарады. Бұған дейін Мартиина Tallinn Music Week шеңберіндегі халықаралық жобаларға жауапты болды, музыка индустриясындағы гендерлік балансқа қатысты Keychange инновациялық жобасын эстониялық тараптан дайындау және іске асырумен айналысты.  2019 жылы көктемде ол Kaiku Studios Berlin 3 айлық тәлімгерлік бағдарламасынан өтті.

Мартиина Путниктің пленарлық сессиядағы тақырыбы: «Music Estonia и Tallinn Music Week – жергілікті музыка сахнасындағы өзара ықпалдастық және даму мәселелері».